Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың қабылдауында болған халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының Түркістан облысы бойынша жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңірдегі бірқатар
өзекті мәселелерді көтеріп, облыс басшылығымен олардың шешу жолдарын ортаға салды. Қазіргі таңда Түркістан облысының әрбір аудан, қаласы және облыстық деңгей бойынша 17 Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға беріп, басты заң шығарушы органдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа заң жобаларына тоқталып өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі