Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ САУРАН АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Кездесуге Сауран ауданының әкімі, филиал төрағасы Ғ. Рысбеков, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М, Күнпейсов «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Асылбеков және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында депутаттар Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндай келе, Мәжілісте қаралған Заң жобаларына тоқталып өтті.

Өз кезегінде, жиынға қатысушылар көкейтесті мәселелер бойынша бірнеше өзекті сұрақтар қойып, шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, басқосуда облыстық мәслихаттың депутаты Н.Атаева Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерді газдандыру мәселесі туралы ұсыныс білдірді.

Аудан мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов суармалы жерлерді игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету және гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді. Кездесуге қатысқан аудан әкімі Ғ.Рысбеков Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 32-разъезд елді мекеніне және Сауран қалашығына «Самара-Шымкент» автокөлік тас жолы бойынан бұрылыс жол ашу мәселесін, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты «Достық» және Шаға ауылдық округіне қарасты «Шоқтас» шағын аудандарына елді мекен мәртебелерін беруге ықпал жасауды сұранды.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттары тарапынан нақты жауаптар беріліп, құзырлы органдар арқылы шешімін табатын мәселелер бойынша, аудан әкімдігіне жазбаша түрде ұсыныстар енгізу қажеттігін жеткізді.