Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
САРЫАҒАШ АУДАН ӘКІМІ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев және "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен кездесті. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі Елбасы тапсырмасының ауданда орындалу барысы мен бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Аудан әкімі алдымен халық қалаулыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын айтты. Өзге аймақтармен салыстырғанда, ауданда әр салада жоғарғы көрсеткіштер, өсімдер байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бірқатар шаралардың қолға алынатынын атап өтті.
Кездесу барысында, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, аймақтағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын дамыту секілді маңызды мәселелер талқыланды.