Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Алматы тұрғындарын қабылдайды

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы Мәжіліс депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Карантин шектеулерін ескере отырып, қоғамдық қабылдау онлайн форматта өтеді.  Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері өңірлерге жұмыс сапарлары аясында азаматтарды қабылдайды. 22 ақпанда мәжілісмендерден Сырым Адамбаев, Қанат Нұров, Айгүл Құспан және Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды қабылдайды. Ал 23 ақпан - Бекқали Торғаев, Айдос Сарым, Артур Платонов, Елнұр Бейсенбаев және Мәди Абылайұлы. Қабылдауға жазылу үшін: 1. Call-орталығы: 8 (727) 279-78-00 2. WhatsApp: 8 777 640 78 52 Айта кетейік, 2021 жылы партияның Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8605 адам жүгінген (2020 жылы 35 мың адам). Қарау нәтижелері бойынша 57% оң шешімін тапты, 41% - ға түсініктеме берілді және 2% бақылауға алынды. Қоғамдық қабылдау алаңдарында 1068 қабылдау өткізіліп, 4068 адам қабылданды