Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Amanat" партиясынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына кандидатураның ұсынысы

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

Қазақстан демократиялық өзгерістерді біртіндеп дәйекті және жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғырту процесі конституциялық реформадан нақты бастау алды.

Ендігі маңызды қадам – Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау. Аталған өзгерістер партия мен азаматтық қоғамға деген сенімді арттырады.

 «AMANAT» сайлауда көпшіліктің дауысына ие болып жеңіске жеткен партия ретінде Премьер-Министр лауазымына кандидатура ұсынды.

Мұндай тәжірибе Парламенттің рөлін күшейтіп қана қоймай, саяси партиялардың жауапкершілігін арттырады. Ендігі кезекте Үкіметтің жұмысы Фракция тарапынан жіті бақылауда болып, оның әрбір шешімі партия ішінде сұралатын болады. Тіпті қажет болса, партия тиісті шаралар қолдануға дейін баруға дайын екенін мәлімдейміз.

Бұл жұмыс Мәжілістегі Фракцияның беделі мен оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бұл Президент жаиялаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының нақты іске асуы деп білеміз.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына «AMANAT» Фракциясы Әлихан Асханұлы Смаиловтың кандидатурасын ұсынып отыр.

Соңғы бір жылда Үкіметке қоғам тарапынан айтылған сын аз болған жоқ. Бірақ, министрлер кабинетінің небәрі бір-ақ жыл жұмыс істегенін ескеруіміз қажет. Бір жыл – үкіметтің жұмысын объективті бағалау үшін тым қысқа уақыт.

Оған қоса, Смаиловтың кабинеті күрделі геосаяси жағдайда жұмыс істеді. Сыртқы саясаттағы санкциялардың күшеюі, әлемдегі инфляцияның тұрақтамауы біздің де экономикамызға кері әсерін тигізуде.

 Оған қоса, екі жылға жуық уақыт Үкімет пандемияның салдарымен күресті. Бұл бір.

Екіншіден, саяси басшылардың жиі ауыс-түйісі реформалар қарқынының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Қазір бізге мұндай қадамға барудың қажеті жоқ.

Уважаемые коллеги, во-первых, за минувший год Алихан Асханович погрузился в проблемную повестку. Это позволит оперативно, без паузы и раскачки приступить к их решению.

Во-вторых, запущенный процесс демонополизации экономики, разрабатываемые Налоговый, Строительный, Жилищный кодексы – должны быть системно завершены.

В-третьих, необходимо продолжит работу по возврату в государства крупные объекты и предприятия. А также возврат неиспользуемых и выданных с нарушением сельхозземель и незаконно выведенные капиталы.

Төртіншіден, бүгінге дейін әлеуметтік мәселелер жүйелі шешіліп келеді. Ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайтылды, бала күтімі бойынша берілетін төлемдер өсті, әйелдердің зейнет жасын арттыруға мораторий жарияланды.

Қадірлі әріптестер, дегенмен, елімізде бағаның тұрақтамауы, жұмыссыздық, азаматтардың табысын арттыру, жылумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жақсарту, ауылды түлету сияқты Үкіметтің алдында аса ауқымды міндеттер тұр. Біз мұны жақсы білеміз және осы мәселелерді Үкіметпен бірге шешуіміз қажет.

Үкіметті жиі ауыстырғаннан бұл мәселелер шешілуі былай тұрсын, қордалана беретінін уақыт көрсетті. Сондықтан, министрлер кабинеті былтыр бастаған істі жалғастырып, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмысты тез арада ширатуы қажет. Барлық әріптестерімді Премьер-Министрдің кандидатурасына – Әлихан Асханұлы Смаиловты ұсынуды қолдауға шақырамын.Image titleImage title

Image title