Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС

Бүгін, 11 мамырда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кеңейтілген отырыс өтті, онда депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады. Заң жобасы Парламенттің жұмыс тобы мүшелерінің, Үкімет жанындағы мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде жұртшылық пен сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары негізінде әзірленді. Заң жобасының мақсаты-азаматтарды, оның ішінде мүгедек адамдарды, аз қамтылған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың басқа да санаттарын әлеуметтік қорғау заңнамасын жетілдіру.