Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТЕ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Вера Ким бастаған отырысқа депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Adal» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері мен сарапшылар қатысты. Жұмыс тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов аталған заң жоба волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Осы орайда ол азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыру шаралары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың «стратегиялық әріптестік» өзара іс-қимылының жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ қайырымдылықтың жаңа түрлерін («корпоративтік қайырымдылық», «электрондық қайырымдылық») енгізу көзделгеніне назар аударды. Заң жоба әрі қарай жұмыс тобының отырыстарында талқыланатын болады.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49060/1/1