Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде менің төрағалығыммен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Заң жобасы бойынша жұмыс тобына 25 депутат кірді: Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ, Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ, Нұрлан Сатыбалдыұлы ӘУЕСБАЕВ, Жанарбек Садықанұлы ӘШІМЖАНОВ, Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Ринат Рифхатұлы ЗАЙЫТОВ, Қазыбек Жарылқасынұлы ИСА, Дәулет Төлеутайұлы МҰҚАЕВ, Айна Ермекқызы МЫСЫРӘЛІМОВА, Ардақ Құттықожаұлы НАЗАРОВ, Гүлдара Алданышқызы НҰРЫМОВА, Ерлан Бияхметұлы САИРОВ, Нартай Аралбайұлы СӘРСЕНҒАЛИЕВ, Таңсауле Ғабдыманапұлы СЕРІКОВ, Жұлдыз Досбергенқызы СҮЛЕЙМЕНОВА, Гауһар Шаймерденқызы ТАНАШЕВА, Нұргүл ТАУ, Аманжол Дүйсенбайұлы ӘЛТАЙ, Динара Рустамқызы НАУМОВА, Ирина Владимировна СМИРНОВА, Самат Русланұлы НҰРТАЗА, Айдос Әміроллаұлы САРЫМ, Ажар Бахитқызы САҒАНДЫҚОВА, Кенжеғұл Социалұлы СЕЙТЖАН, Ерлан Тұрсынбайұлы ӘБДИЕВ. Жұмыс тобына сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы Оспанов, 15 министрліктің (Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Оқу-ағарту, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Әділет) және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің өкілдері; 7 қоғамдық бірлестік, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері кірді.

Image title

Image titleImage title