Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Amanat" партиясы фракциясының отырысы

Құрметті достар!

Мәжіліс қабырғасында «AMANAT» фракциясының алғашқы отырыстарының бірін өткізіп, алдағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін бекітіп алдық.

Өздеріңізге белгілі, біздің партия атынан сайланған депутаттардың 70%-дан астамы Мәжіліске жаңа келгендер. Сондықтан, оларға жұмыс істеу тәртібін түсіндірдік.

Мәжіліс депутаты жұмысындағы ең өзекті мәселе – депутаттық сауалдарды дайындау және жариялау. Фракция мүшелеріне оның алгоритмдері көрсетілді.

Депутаттық сауал әзірлеуде біздің басты талабымыз бен ұстанымымыз анық: фракция мүшесі елдік сипаттағы мәселелерді көтеруі қажет. Ең сезімтал және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдарын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, популизм, жеке азаматтардың немесе белгілі бір топтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге жол берілмейді!

Біз үшін мемлекет пен халықтың мүддесі бәрінен биік!

Сонымен бірге, фракция мүшелеріне мінез-құлық нормаларын, депутаттық әдеп этикасын қатаң сақтау ескертілді.

P.S. Мәжілістегі «AMANAT» фракциясы 62 депутаттан тұрады. Олардың 40-ы партиялық тізім арқылы сайланса, қалған 22-сі бірмандаттық округ бойынша депутат болды.


Image titleImage title

Image title