Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының екінші отырысы

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде менің төрағалығыммен "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жұмыс тобы мүшелерінің қарауына заң жобасының мемлекеттік тілдегі мәтініне қатысты 1 түзету келіп түсті. 18-бапқа сәйкес хаттама алты тілде (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде) жасалған. Қазақ тілі қол қою тілі болып табылмайтынын ескере отырып, хаттама мәтініне мемлекеттік тілде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады. Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған түзетулерді бірауыздан қолдап, заң жобасын комитеттің кеңейтілген отырысына және Мәжілістің Жалпы отырысына шығаруды мақұлдады.Image title


Image title