Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Денсаулық сақтау министрінің атына денсаулық сақтау саласындағы жүйелі проблемаларға қатысты депутаттық сауал жариялады

Депутаттық сауал

Құрметті Ажар Ғиниятқызы!

Науқас адамның және ең жақын туыстарының өмірі мен денсаулығы үшін қорқыныш сезімін бастан кешіретін адамдар үшін медициналық көмек көрсету көпшілік ойлағандай дәрігердің кабинетінен емес, табалдырықтан  басталуы қажет.

Қарапайым адам қажеттіліктерінен туындайтын, әсіресе  науқас адамның ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін білеміз. Сол үшін әрбір емдеу мекемесі көмекке мұқтаж науқасқа қайда бару керек екенін  және оны одан әрі кім бағыттайтынын аса қырағылықпен ұйымдастыруы керек.

Әлемдік тәжірибеде медициналық мекемелердің функционалдық логистикасына емдеуші дәрігерлер емес, ал денсаулық сақтау ұйымдастырушылары жауап береді. Олардың кәсіби біліктілігі мен білімі әрдайым мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жіті бақылауында тұруы шарт.

Дегенмен, елімізде бұл мәселенің реттелмегенін көреміз. Халыққа жақын, әрі ұлт саулығына тікелей байланысты саладағы медициналық ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша сертификаттауды кез келген кәсіпкер іске асыра алады. Сапалы кадрлары, арнайы біліктілігі мен лицензиясы жоқ ұйымдарға бұл саланы ретеуге жол берілмеуі маңызды. Сертификаттауға келгенде жұмысты қатырып, ал іске келгенде халықты састырып жатқанымыз бар.

Сондықтан, Мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Қазақстан халқына Жолдауында  қойылған міндеттерді нақты іске асыру үшін  сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсетудіғ салалық сапалы білім беруді, мекемелерде госпиталдік менеджментті енгізуді мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыру қажет.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз білім алуын, бірінші кезекте, қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігі мәселелерін міндетті түрде қозғайтын "табалдырықтан бастап" коммуникация мәселелері бойынша дамыту керек.

Бұл ретте мониторинг пен бақылауды тиісті мемлекеттік органдар мен қатар кәсіби медициналық қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан да жүзеге асырылуы тиіс екендігіне назар аудару қажет. Аурухана дәліздері мен кабинеттерін сағаттап жағалауға мәжбүр болып жүрген науқастардың  қайғы-қасіретін тоқтататын кез келді.

Осыған орай, құрметті Ажар Ғиниятқызы медицина саласының қызмет көрсетудегі ұйымдастыру мәселелері бойынша орын алған жүйелік проблемалардың шешу жолдарын қарастыруыңызды сұраймын. Депутаттық сауалға заңнамада көрсетілген мерзімде нақты жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«AMANAT»  партиясының

Фракция мүшесі, депутат                                                                                                                                                                                                                                                                              Е. Бейсенбаев