Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық топ мәселелері

2023 жылғы 12 маусым

    Депутат Н.Дементьева ҚР Парламентінің ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі жаңа депутаттық бірлестігінің жұмысына қатысты

    Қазақстан Республикасы Парламентінде 2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының қаулысымен тіркелген «Бір ел – бір мүдде» атты палатааралық депутаттық тобы өз қызметін бастады. Бүгін Сенат қабырғасында оның алғашқы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Мәжіліс пен Сенат депутаттары – «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, сондай-ақ саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты. Отырысқа қатысушылар Абай облысында қаза тапқан «Семей орманы» қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

    Отырыс барысында топтың мәртебесін, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы туралы ережесі, сондай-ақ 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

    Депутаттық бірлестіктің жұмысының басталуымен құттықтай отырып,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов осы топты құру – бұл парламентаризм дамуының жаңа кезеңі, жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша парламентаралық және партияаралық өзара іс-қимылдың құралы, деді.

Image title


    М.Әзілханов Мемлекет басшысы Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде бірлікті, татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған жаңа қадамдар жасады. Ұлт бірлігін нығайту мәселелеріне партиялардың белсенді араласуының тиімді тетігі ретінде Президент Парламентте Ассамблеядан тағайындалған бес сенатордың ұйытқы болуымен құралған депутаттық бірлестікті белгілегенін атап өтті. «Осы орайда жаңа депутаттық бірлестік – Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» атты депутаттық тобы құрылды. Ассамблеяның партияаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруда, соның ішінде бұрын Парламент қабырғасында жұмыс істеген Ассамблеяның депутаттық тобының қызметі бойынша біраз тәжірибесі бар», - деді ҚХА-ның Хатшылық меңгерушісі. Сондай-ақ, бұл топтың құрылуының өзі саяси реформалардың және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының түбегейлі жаңа парадигмасының қалыптасуының нәтижесі болды.

    «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Н.Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының отырысында Парламентке ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша депутаттық бірлестік құру мәселесін пысықтауды тапсырғанын атап өтті. Депутаттық топтың негізгі мақсаты – елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы заңнамалық үйлестіруді және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету болып табылады, - деді сенатор.

    Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин Комитет қызметі шеңберінде ағымдағы жылға арналған жұмыстар мен міндеттердің негізгі басым бағыттарымен таныстырды. Ғ.Шойкиннің айтуынша, этносаралық қарым-қатынастар саласын дамытуға қатысты мақсат-міндеттерге барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан баса назар аударылатын болады. Бүгінгі таңда елімізде этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша өңірлік әкімдіктердің қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Қазақстандық патриотизм мен этностардың интеграциясын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде үйлестіріледі.

    Сенатор З.Кузиев Сенаттағы Ассамблеяның бес мүшесі заңнамалық деңгейде кері байланысты жүзеге асыруға, қоғамдық бақылау жүргізуге және Парламентте Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіруге атсалысып жүргенін атап өтті. Жалпы, барлық депутаттардың алдында бір ғана міндет тұр – күн сайын алғы шепте болу, шешім қабылдау және ол үшін халық алдында жауапкершілік алу. ҚХА басшылығымен біз апта сайын кездесу өткізіп, белгілі бір мәселелерді, оның ішінде жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қатысты мәселелерді шешуді талқылап отырмыз, - деді З.Кузиев.

    Кездесуге қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері депутаттарға мекеменің этносаралық келісімді нығайту саласындағы қызметі туралы айтып берді.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараты бойынша, жаңа депутаттық бірлестіктің барлық мүшелері ҚХА-ның бірқатар ақпараттық-анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етілді. Бұлар:  Ассамблеяның 2022 жылғы қызметі туралы мәліметтер, ҚХА жұмысының барлық мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар, республикалық этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының және өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-нің 2023 жылға арналған іс-шараларының желілік кестесі және ҚХА активінің тізімі.