Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Екі халық арасындағы достық аясында

2023 жылғы 27 маусым                                                                                                   Астана қаласы

Мәжіліс депутаты Н.Дементьева Достық үйінде өткен кездесуге қатысты

    Ресми сапары аясында Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Төрағасы Н.Шәкиев Астанадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жұртшылық, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, қырғыз- қазақ қатынастары бойынша мәселелерді талқылады. Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевпен бірге олар өз шығармаларымен қырғыз-қазақ қарым-қатынастарын нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмемен танысып шықты. Көрмеге жазушының Қазақстанның мемлекеттік мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттері қойылды. Мейман сондай-ақ Достық үйіндегі қырғыз халқының мәдени және рухани құндылықтарын айғақтайтын тұрмыстық заттар, жәдігерлер қойылған, қырғыз мәдениетіне арналған бөлмеде болды.

Image title


    Кездесуде Қырғызстан мен Қазақстанның көршілес елдер ғана емес, тарихи терең байланысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі мен мәдениеті ұқсас екені айтылды. Айбынды Алатаудың екі жағында түрып жатқан екі халық ежелгі заманнан бір-бірінің қайғысын да, қуанышын да бірге бөлісіп, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондықтан нығайған байланыстарды одан әрі дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қажет, деп атап өтілді. Шараға қатысушылар қырғыздың көрнекті ақыны Токтогул Сатылғанов пен қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың, манасшы Саяқбай Қаралаев пен қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің, жазушы Шыңғыс Айтматов пен ақын Мұхтар Шахановтың үлгі болған достығын еске алды. Бұл өз заманынан озық, біртуар жасампаздарды қырғыздар да, қазақтар да таниды.

Image title


    Н.Дементьева өз сөзінде ғасырлар бойы достық пен тату көршілікте өмір сүрген екі халықтың тарихи-рухани, мәдени, әдеби байланыстарының маңыздылығын атап өтіп, Шыңғыс Айтматовтың туындылары, «Манас» эпосы, қырғыз халқының шығармашылығы қазақстандықтарға жақсы таныс екенін айтты. Олар көп ғасырлар бойындағы тарихтың маңызды бөлігі болып табылады, елдердегі екіжақты байланыстар мен ұлттық бірліктің нығаюына қосымша серпін береді, деді депутат. Жиналғандардың назарына қазақ қиссашысы Б.Әлімжанов дастаннан үзінді ұсынды.

    Қазақстанда қырғыз ұлтының 40 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады, республика бойынша 10 этномәдени қырғыз орталықтары бар.