Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды

2023 жылғы 29 маусым                                                                          Астана қаласы

    Мәжіліс депутаты Н.Дементьева «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумына қатысты

    Жиынға 3 мыңға жуық адам қатысты, олардың 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары.

    «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошанов өз сөзінде Президент Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда ұсынған «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясына ерекше назар аударды. «AMANAT» партиясы үш науқанның – президенттік және парламенттік сайлаудың, сондай-ақ жалпыұлттық референдумның қозғаушы күші болды, делінді. Ааманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас жасауы керек екені, себебі сайлауалды уәделерді орындау осыған байланысты екені ерекше атап өтілді.

    «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының мүшелері 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың республикалық және 20 өңірлік жол картасын бекітті. Атап айтқанда, 78 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу, мектепке дейінгі ұйымдарда 300 мың, мектептерде 1,5 млн. орын ашу, халықты 100% сумен жабдықтауға қолжетімділігін қамтамасыз ету, шағын бизнес үшін 15 мың кедергіні жою және т.б.

    Форум аясында «AMANAT» партиясынан мәслихат депутаттары бейінді министрлердің қатысуымен панельдік сессияларда оқыту семинарларынан өтті.