Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Басты басымдықтар

2023 жылғы 17 маусым                                                    Түркістан қаласы

    Депутат Н.Дементьева Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайға  қатысты

    Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы биыл Түркістан қаласында ұйымдастырылып, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Екі күн бойы қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары, ғалымдар мен сарапшылар және сала мамандары қоғамдағы өзекті және елдегі маңызды мәселелерді талқылап,өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Шараның екінші күнінде Мемлекет басшысы жалпы отырыста сөз сөйлеп, елді одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бастамалар мен ұсыныстарды айтты. «Әділетті Қазақстан» мен «Жауапты азамат» – бір-бірімен байланысты екі ұғым, олар әрқашан еліміздің мызғымас тірегі ретінде қарастырылуы тиіс, деді Мемлекет басшысы.

    Құрылтай аясында депутат Н.Дементьева бірқатар БАҚ-қа сұхбат берді.

    Н.Дементьеваның пікірінше, бүгінгі жастар әлемнің ең озық технологияларын меңгере отырып, өз бетінше іздене беруге тиісті. Әр секунд сайын әлемде өзгерістер болып тұрады, елдің дамуы әрқайсымыздың дамуына тікелей байланысты.