Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халыққа Жолдау аясында

2023 жылғы 5 қыркүйек                                                    Астана қаласы

    Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген  республикалық кеңесіне қатысты

    Достық үйінде өткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері  талқыланды.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов Президенттің Жолдауы біздің қоғамды ауқымды қайта құрудың жаңа кезеңі болғанын, халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге шешуші қадам жасалғанын атап өтті. Жолдаудың басты ойы – абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңмен, бірақ шешуші көшу екенін айтты. Жолдаудың экономикалық міндеттерін іске асыру қоғамды шоғырландыруға, бірлік пен келісімді нығайтуға тікелей жұмыс істейтінін атап өтті.

    Жиында Ассамблеяның идеологиялық жұмысында қоғамның өзін, қоғамдық құндылықтар жүйесін және тұтастай алғанда қоғамдық сананы реформалау міндеттері алға қойылатыны аталды. Бұл реформа бірлік пен тұрақтылық, әділеттілік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған. Ассамблеяның барлық құрылымдары – этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары», Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі және басқалары Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетін жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға назар аударуы керек.

    М. Әзілханов қоғамдық тәртіпті бұзуға, көшелер мен табиғаттағы вандализмге, кейбір азаматтардың мәдениетсіздігіне, түрлі тұрмыстық қақтығыстарға бағытталған арандатуларға қатысты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз қамтамасыз етуге назар аударды.

    Сондай-ақ, Ассамблея мүшелерінің алдына ақпараттық-түсіндіру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу, этномәдени бірлестіктердің «араздық тіліне» қарсы, фейктер мен арандатушылықтарға қатысты қағидатты ақпараттық және қоғамдық ұстанымдарын белгілеу міндеті қойылды.

    Кеңес қорытындысына сәйкес, Жолдаудың міндеттерін түсіндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу туралы шешімдер қабылданды, Ассамблея қызметінің және оның құрылымдарының негізгі бағыттары белгіленді, халықпен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа нысандары, жалпы республикалық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

    ҚХА баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Кеңесінің мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және «Бір ел – бір мүдде» ҚР Парламентінің Палатааралық депутаттық тобының мүшелері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА қоғамдық құрылымдары, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, «Ассамблея жастары», ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі мен кафедралары, ҚХА Журналистер клубы, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.