Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті

2023 жылғы 7-8 желтоқсан                                                      Ақмола облысы


Депутат Н. Дементьева Amanat партиясының әйелдер қанатының І отырысына қатысып, сөз сөйледі

    Бурабай кентінде өткен Amanat партиясының әйелдер қанатының І отырысына түрлі өңірлерден 100-ден астам белсенді әйел жиналды. Кездесуге қатысушылар әйелдердің Әділ Қазақстанды құрудағы, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, инклюзивті қоғамды дамыту және т.б. мәселелерді талқылады.

    Қонақтар алдында алғы сөз сөйлеген Мәжіліс Спикері, Amanat партиясының төрағасы Е.Қошанов гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту әрдайым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті. «Біз белсенді әйелдерді өз қанатымызға біріктіріп қана қоймай, көшбасшы әйелдердің жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек», - деді партия жетекшісі.

    Форум делегаттары Президенттің Жолдауы мен оның сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында елімізде бақытты ана мен бала үшін жағдай біртіндеп жақсарып келе жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, 1,5 жасқа дейінгі балаға күтім жасау бойынша берілетін төлем кезеңі ұзартылды, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы ұлғайтылды, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 100 мыңнан астам бала балабақшаларда тегін тамақтандырылды, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жаңа бағдарламасы іске қосылады.

    Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасына қатысушылардың шамамен 30 пайызы – әйелдер екенін атады. Ал қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасы түлектерінің 58 пайызы – көп балалы аналар. Жиында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсету, мемлекеттік тапсырыс орналастыра отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету бойынша арнайы орталықтар ашу қажеттігі туралы пікір айтылды. Іс-шараға қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеу және бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу, скрининг және әйелдер денсаулығының алдын алу бойынша «Әйел саулығы – дені сау ұрпақ кепілі» жаңа жобасын іске қосу мәселелері бойынша облыс әкімдерін тұрақты түрде тыңдау бойынша бірқатар бастамаларды алға тартты.

    Форумда сөз сөйлеген депутат Н.Дементьева Amanat партиясының әйелдер қанатының басымдықтарының бірі ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолайлы инклюзивті орта құру болып табылатынын атап өтті. Ол ҚР Мүгедектер қауымдастығының президенті Ж.Омарбековамен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларды қарапайым ортаға әлеуметтендіруге бағытталған жобаларды таныстырып, оларды іске асыру перспективалары туралы айтып берді.