Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Мың бала» жобасы: шығармашылықты дамыту

2023 жылғы 16 қараша                                                                      Астана қ.

   Депутат Н.Дементьева «Мың бала» жобасының қорытындыларына арналған мерекеге қатысты

    Астана қаласында Қазақстан «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды.

    Бұл жоба дәстүрлі болып табылады және балалар мен жастарды кеңінен қамтып келеді.

    Жоба еліміздегі қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім мен бірлікті дамытуға бағытталған. Ол өскелең ұрпақты, атап айтқанда, Қазақстанның түрлі этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында мемлекеттік тілді үйренуге, шығармашылыққа ынталандырады. Жобаға қатысушылар халық ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу, қазақ мәдениет қайраткерлерінің музыкалық шығармаларын орындау, сондай-ақ өз шығармаларын оқу бойынша қабілеттерін көрсетеді.

    «Мың бала» жобасы өскелен ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.

    Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты.

    «Мың бала» жобасы аясында барлық аймақтарда жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Биылғы жылы жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты.

    «Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде вокал, домбыра мен қобыздағы орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер», ал мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша барлығы 35 өңірлік жеңімпаздар марапатталды.