Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мемлекеттік тілді меңгеру арқылы бірлікке

2024 жылғы 20 ақпан                                                                         Астана қ.

    Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы арасындағы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

    Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, лингвист-ғалымдар, тілтанушылар, қоғам өкілдері, ҚХА мүшелері қатысты.

Image title


    Кездесуге қатысушылар қазақ тілі азаматтық интеграцияның, мәдени-рухани бірліктің пәрменді құралы болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте қазақ тілі ғылыми прогресс пен білім берудің үздік жетістіктеріне баулу құралына айналуға тиіс. Бұл қазақстандық қоғам шешетін тарихи міндет.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» ХХХІІ сессиясында ел Президенті Қ.Тоқаев жалпыұлттық азаматтық бірегейлік этникалық ерекшеліктерді жоққа шығармайтынын, ол азаматтық қоғамның жаңа моделінің негізін қалыптастыруды көздейтінін атап өткені белгілі. «Қазақстандағы әрбір этностың өз дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндігі болды және бола береді. Бұл, шын мәнінде, жалпыұлттық бірегейлігіміздің негізі. Сонымен қатар Қазақстанның барлық азаматы мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне қатысы бар екенін сезінуі керек. Мен айтқан «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт», «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаттары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесінің берік негізі болуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

    Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін күшейтудің өзекті мәселелері қаралып, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы бірлік құндылықтарын дарытуға бағытталған бірлескен ақпараттық жобаларды іске асыру жөніндегі қызмет векторлары айқындалды.

    Н.Дементьеваның пікірінше, қол қойылған Меморандум мемлекеттік тілдің дамуына жаңа серпін береді, біздің қоғамда қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге оң әсерін тигізеді.