Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәдениет саласында

2024 жылғы 22 ақпан                                                                Астана қ.

Депутаттар Н.Дементьева және Д.Наумова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Алқада Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева ведомствоның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ көптеген жаңа жобалар мен бастамаларды  жариялады. Мәдениеттің барлық саласы бойынша кешенді жұмыстар атқарылып жатқаны атап өтілді.

Мәселен, алғаш рет 7 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіледі. Ұлттық музей жанынан ұлтымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін құндылықтарымыздың өміршеңдігін сақтап қалуға жағдай жасайтын ауқымды реставрация орталығы құрылады. Алыс-жақын шетелдердегі біздің тарихи құнды мұраларымызды қайтару халықаралық заңнамаға сәйкес жүргізілетін болады. Барлық ведомство мен жүйелердің кітапханаларына Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана кезең-кезеңімен енгізіледі. Мәдени-рухани мазмұны бар 12 мұражай-қорықтың ұлттық бағытын нығайту да Министрліктің міндеті болып табылады.

Министрдің айтуынша, Президент мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасфераның даму үрдісін ескере отырып, медиа заңнаманы қайта қарау туралы тапсырма берген болатын. Соған байланысты «Масс-медиа туралы» заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Заң қабылданған жағдайда, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды бөлу механизмінен гранттық қаржыландыруға көшеді, шекара маңындағы өңірлерді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіледі, салалық журналистика дамиды, сондай-ақ журналистердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасады.Балалар контентін дамытуға, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

Халық арасында ең көп сұранысқа ие қарқынды дамып келе жатқан алаңдардың бірі – қоғамдық кеңестер. Осыған байланысты министрлік жанынан Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы құрылды.

Азаматтық қоғам саласында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, ал 2024 жылғы сәуірден бастап қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар тетігі енгізіледі.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрияларды дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, оның шеңберінде «Креативті индустрияларды қолдау орталығы» корпоративтік қорын құру пысықталуда, сондай-ақ өңірлерде креативті хабтар ашу жоспарлануда.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы дайындалды. Этносаралық келісім саласында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 2023 жылы «Ел бірлігі» ордені, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Мәдениет пен өнер салаларындағы үздік жұмыстары мен туындылары үшін» және «Әдебиет пен журналистика салаларындағы үздік жұмыстары үшін» сыйлықтары тағайындалды. «Қазақстандағы ұлт қалыптастыру: қазіргі жай-күйі, процестер мен үрдістер» тақырыбында баяндама әзірленді.

        ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, іс-шараға Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Алқа аяқталған соң журналистерге берген сұхбатында Н.Дементьева «БАҚ-медиаға қатысты қаралып отырған заң жобалары маңызды және өзекті, өйткені олар демократиялық қоғамды, сөз бостандығын және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған»,-деп атап өтті.