Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Басымдықтар

2024 жылғы 25 ақпан                                                                         Көкшетау қ.


    Депутат Н.Дементьева Көкшетауда Спорт кешені мен Студенттер сарайының ашылуына арналған салтанатына қатысты.

    Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өңіраралық деңгейдегі көпфункционалды спорт нысаны мен студенттер сарайының ашылу салтанатында Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекұлы, Ұлттық Академия академигі Б.Жұмағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлары, жұртшылық және БАҚ өкілдері болды.

    Жаңа нысанның таныстырылымында кешен тек жоғары оқу орындарының студенттеріне ғана емес, қала мен облыс жастарына да арналғаны айтылды.

    Бұл нысан жастар мен студенттер үшін спорттық және мәдени тартымдылық орталығына айналып, өңірдегі дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға септігін тигізетіні, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ірі жарыстар мен жастардың бұқаралық іс-шараларын өткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

    Көкшетау университетінің ақпараты бойынша, студенттер сарайының жобалық сыйымдылығы 8 мың шаршы метрден асады және екі корпустан– студенттік амфитеатр мен спорт кешенінен тұрады. Амфитеатрда концерт залы, дыбыс жазу студиялары, балет залы, домбыра бөлмесі, т.б. бар. Спорт ғимараты спорттың он екі түріне арналған. Болашақ спортшыларды дайындауға барлық жағдайлар жасалған. Мұнда емдік дене шынықтыру кабинеттері, күрес залы, жаттығу залдары жабдықталған.

      Н.Дементьева салтанатты іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, бұқаралық спортты дамыту, халықтың денсаулығын нығайту Қазақстан Президенті саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Елдің лайықты болашағын тек дені сау ұлт қана қамтамасыз ете алады,-деп атап өтті.