Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәселе маңыздылығы

2024 жылғы 29 ақпан                                                               Астана қаласы


Бас прокуратурада алғыс айту күні қарсаңында ашық диалог форматында Мәжіліс депутаты Н.Дементьевамен кездесу өтті.

Кездесуге Бас прокуратура ұжымы және аумақтық прокуратура органдарының (онлайн) қатысты.

Image title


Жиынға қатысушылар Алғыс айту күні бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн екенін айтты. Азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын мереке. Қазіргі таңда отанымыздың түкпір-түкпірінде әртүрлі ұлт өкілдері ел ертеңіне үлес қосып, еңбек етіп, бейбіт өмір сүріп жатыр, деді.

Алғыс айту күнінің тарихы тереңде жатқанына назар аударған  Н.Дементьева «Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген бұл күннің басты мазмұны қазақ еліне кезіндегі қолғабысы мен қайырымды ісі үшін алғыс айтуды білдіреді. Түрі, діні, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері басқа этнос өкілдерін бөтенсімей, өгейсітпей көкірегіне басқан қазақтың шексіз мейірімі мен жүрегінің кеңдігін, қазақтың өзі де ғасырлар бойы осындай ұлттар арасында жоғалып кетпей сақтап қалған қасиетін де ерекше атап өту керек»- деді.

Image title


Кездесуде Қазақстан халқының бірлігі, еңбексүйгіштік, жастарды тәрбиелеу, патриотизмді нығайту, мейірімділік, туған жерге деген сүйіспеншілік және т.б. маңызды құндылықтар туралы пікір алмасылды. Депутат қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, өңірлік бөлімшелердің өкілдері мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға қатысты сұрақтар қойды. Айта кету керек, прокуратура қызметкерлері халықпен тікелей жұмыс істей отырып, көбінесе идеологиялық аспектілерді түсіндіреді.