Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Желтоқсанның 8 күні «Самрұқ-Қазын» әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма басшысы Алмасадам Майданұлы Сатқалиев «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобына қор жұмысының бірнеше бағыттарына байланысты есеп берді.

Депутаттар тарапынан Қордың қызметіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды және нақты ұсыныстар берілді. Әсіресе Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға (НИОКР) бөлінетін 1% қаржының тиімділігі, мемлекеттік тілді дамытуға арналған жобаларды жетілдіру, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларымен жұмысты жандандыру, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырудағы қызметтердің ашықтығы, энергетика саласын дамыту, «Эйр Астана» әуе компаниясының қызметі, Қор жұмысын қоғамдық бақылау туралы ұсыныстар қызу талқыланды. Отырыс қортындысы бойынша хаттама дайындалып, Мәжіліс депутаттарының ұсыныстары Ұсыным болып Қорға жіберіледі және оның орындалысы бақыланатын болады.


Image title