Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ассамблеяның алдағы сессиясы туралы кеңес

2023 жылғы 7 сәуір                  

Депутат Н. Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.

Күн тәртібінде Ассамблеяның алдағы сессиясына дайындық барысы туралы мәселе қаралды.

Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясын өткізу туралы өкімге қол қойды. Сессия 2023 жылғы 26-27 сәуірде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және республикада тұратын барлық этностардың өкілдерін біріктіреді. Ассамблеяның XXXI сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде «Халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның негізі» күн тәртібімен өтті.

Кеңесте сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Н.Дементьева ҚХА іс-шаралары аясында ел өңірлерінде кездесулер өткенін, бірқатар проблемалар анықталғанын, осы тұрғыда халықпен жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Этникалық топтарда, әсіресе бір аумақта тығыз орналасып өмір сүретін этностардың арасында қолайлы психологиялық ахуалдың қажеттілігіне баса назар аударылды. Қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесулерде бейбітшілік пен келісімді насихаттау туралы айтылды. Сонымен қатар, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде осы төңіректе сөз сөйлеу ұйымдастырылды.