Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Болашақ туралы әңгіме

2023 жылғы 19 мамыр

    Депутат Н. Дементьева Астана қ. №91 лицей мектебінің түлектерімен кездесті.

    Кездесу алдында шағын экскурсия өтті. Мәжіліс ғимаратының мұражай бөлігінде және кітапханасында оқушылар Парламенттің тарихімен танысып, заң шығару органының қызметі туралы көптеген қызықты ақпар алды.

Image title


    Әр адамның қоғамдағы, елдегі рөлі, мектеп түлектерінің алдында тұрған мамандықты таңдау мақсаты туралы айта келе, депутат Н. Дементьева бүгінгі күні жаңа технологиялар дәуірінде білімді, жан-жақты дамыған адам және жақсы маман болу маңызды және қажет екенін атап өтті.

Image title


    Әртүрлі ақпарат, мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар адамның жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін объективті бағалауға және қазіргі еңбек нарығындағы мыңдаған мамандықтармен байланыстыруға көмектеседі. «Егер мектеп жасында мамандық таңдау сәтсіз болса, ересек адамға өз кәсібін табу, өмірін түбегейлі өзгерту қиын болған мысалдар бар. Бірақ қиындыққа төзбеу қажет. Білімге ұмтылып, ізденіп, өмірдегі мақсаттарға жету керек», – деп атап өтті депутат.