Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірдегі жұмыс

2023 жылғы 3 шілде

    Мәжіліс депутаттарының өңірлерге шығуы аясында депутат Н.Дементьеваның халықпен кездесулері Ақмола облысының Ерейментау ауданынан басталды. Әлеуметтік нысандарды аралау барысында Новомарковка ауылының клубында тұрғындарымен кездесті.Image title

Ет өнімдерін шығаратын «Жаңа Береке» ЖШС-де, сондай-ақ «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысан – Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінде болды. «АМАНАТ» партиясының Ерейментау қаласындағы аумақтық филиалында депутат азаматтарды жеке мәселелері бойынша 8 адамды қабылдады.

Image title


    Ерейментаулықтардың көкейінде жүрген мәселелердің бірі – «Отбасы банкі» арқылы баспана алу мәселесі. Бас тарту, бюрократия, ашықтықтың жоғы. Дайын 45 көпқабатты үй болса да, тұрғындар оған үмітті бола алмайды, себебі банк олардан әртүрлі себептермен бас тартады. Қаңғыбас иттерді аулау мәселесі де күн тәртібінде. Және, әрине, ең қажетті өнімдердің бағасын реттеу мәселесі. Ерейментау қаласында 19 атау бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу жөніндегі мониторингтік топ жұмыс жасауда. Бірақ мемлекеттік органдардың тексеруіне мораторий жарияланған себебімен, кәсіпкерлер маржаның рұқсат етілген 15 пайыздан асатынын анықтау үшін сатып алу шот-фактураларын беруден бас тартатындықтан жұмыс тиімсіз болып отыр, деп атап өтті Н.Дементьева.