Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірде

2023 жылғы 3 шілде

    Депутат Н.Дементьева Целиноград ауданында жұмыс сапарымен болды.  Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.Айткужиновамен, «AMANAT» партиясының Целиноград аудандық филиалының маманы Р.Сейдахметовпен бірге бірқатар ұжымдарға барды. Депутат «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Жаңажол ауылында салынып жатқан 80 орындық мектеп құрылысынан бастады.

Image title


Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер компания – «Ерқанат» ЖШС-тің өкілдері депутатты құрылыс барысымен таныстырып өтті. Содан кейін Н.Дементьева Целиноград аудандық емхананың және «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті. «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС директоры К.Ахмиев және құс өңдеу зауытының директоры Г.Рахимова кәсіпорын қызмет туралы баяндап, жұмыс процессімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Image title


     «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС өз қызметін 2014 жылы бастады және бүгінгі таңда тұйық өндірістік циклі бар заманауи құс кешені. Бұл Ақмола облысындағы құс еті ірі өндірушілерінің бірі. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – өнімділігі жылына 20 000 тоннаға дейін мұздатылған және салқындатылған түрдегі бройлер тауық етін, бастапқы өңделген жартылай фабрикаттар мен қосалқы өнімдерді өндіру және сату болып табылады. Жиындар барысында Н.Дементьева қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Image title

    Сондай-ақ Н.Дементьева Ақмол ауылының дене шынықтыру- сауықтыру орталығының ішінен ашылған шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ үстел ойындарына арналған зияткерлік кабинетіне барып, спорт кешенді, залдар мен ойын алаңдарын аралап шықты.

Image title


     «AMANAT» партиясының Целиноград аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат аудан тұрғындарын қабылдады. Депутат азаматтардың қойған сұрақтарына жауап берді және ескеріп бақылауға алды. Заң жүзінде өзгерістерді қажет ететін мәселелер де қаралды.

Image title



    «AMANAT» партиясының Целиноград аудандық филиалында Н.Дементьева Целиноград ауданының Қазақстан алқы Асссамблеясының мүшелерімен дөңгелек үстел барысында кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан қоғамындағы келісімді нығайту бойынша алға қойған міндеттері туралы сөз қозғалды.