Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықпен кездесулер

2023 жылғы 5 шілде


    Шортанды ауданында Н.Дементьеваның Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Мәдениет» партия тобының өкілдерімен кездесуі «Коворкинг» (Coworking center) орталығына барудан басталды. Депутат Шортанды кентінде жаңадан ашылған «Достық» (ЖП «Вайцеховская») әлеуметтік дүкенінде болып, ондағы өнімдермен және бағаларымен танысты. Дүкеннің азық-түлік тауарлары, шаруашылық тауарлары сатылатын негізгі базары Шортанды ауданы болып табылады.

Image title


    Одан кейін Н.Дементьева мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын «Шахнияз» ЖШС-дегі «Үкілі үміт» қосымша білім беру ұйымында болып, оның жұмысымен танысты. Мектепте бірнеше бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді: ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, гуманитарлық және әлеуметтік-педагогикалық, жаратылыстану-математикалық. Мәселен, «ART терапия» үйірмесі, айтыс мектебі, ғарыш, зергерлік өнер, шығармашылық (Ұлттық колонер), математика, радиоэлектроника, робототехника, экожурналистика, кино- бейне шығармашылық, мобилографиялық, дебат клубы жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге облыстың 6-17 жас аралығындағы 300-ден астам оқушысы қатысуда. Мысалы, 2023 жылдың маусым айында 5 миллион теңгеге қызмет іске асырылды.

    «AMANAT» қоғамдық қабылдау кешінде Н.Дементьева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Аудан тұрғындары сумен қамту, орталық қазандық салу, сондай-ақ электр желілерін жөндеу мәселелерін көтерді. Барлық мәселелер нақтыланып, бақылауға алынды.

Image title


    Елорда күні қарсаңында жаңадан қабылданған партия мүшелеріне салтанатты түрде партия билеттерін табыстау рәсімі өткен соң депутат аудандық мәслихаттың «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысына қатысты. Жиында Н.Дементьева «AMANAT» партиясының Мәжілістегі фракциясы депутаттарының партияның сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған қызметі туралы айтып берді.

    «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы баяндамасымен. ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша облыстық филиал төрағасы А.Қожамсейітов сөз сөйледі.

    Шортанды ауданы бойынша жол картасына орындау мерзімі жылдар бойынша 70 іс-шара енгізілген. 6 айдың қорытындысы бойынша 70 іс-шарадан 10 іс-шараның мерзімі келмеді, 33-і, яғни ағымдағы жылға жоспарланғанның 55 пайызы орындалды. Орындалмау қаупі жоқ, деді А.Қожамсейітов.