Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақкөлдегі мәселелер

2023 жылғы 10 шілде



    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Дементьева мен А.Мысырәлімованың Ақмола өңіріне іссапары жалғасуда. 10 шілде күні олар Ақкөл ауданындағы партияның сайлауалды бағдарламасына енген бірқатар нысандарды аралады. Ақкөл ауданында құрылысы басталған медицина қызметкерлеріне арналған емдеу-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты. 3 қабаттан тұратын орталықтың құрылысына 4,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Ашылатын орталықта 50 адамды жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі кезде электр, телекоммуникация мен су желілері тартылып, емдеу корпусы, қонақүй мен бассейн құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Image title

    Мәжіліс депутаттары Н.Дементьева, А.Мысырәлімова аялдаған келесі нысан – Ақкөл қаласындағы құрылысы биыл аяқталуға жоспарланған емдеу- сауықтыру қонақүй кешені. Құрылыста 80 адам еңбек етуде. Жоба жетекшілері демалыс орталығы астаналықтар мен іргелес аудан халқының жайлы демалыс аймағына айналады деген сенімде.

    Кейін депутаттар Ақкөл ауданы Домбыралы ауылындағы су құбырларын жөндеу жұмыстарымен танысты. 900-ге жуық тұрғыны бар Домбыралы ауылының тұрғындары суды 30 жылдай күткен еді. Әбден тозығы жетіп, ескіріп тұрған 16 км су құбырын жөндеуге 595,9 млн теңге қаражат қарастырылған. Биылғы жылы ҚР Ұлттық қоры трансфертінен қаражат бөлінген. Мердігер аумаққа құрылыс материалдарын жеткізуде, 2200 метр құбыр тартылып, 43 ұңғыма орнатылған. Тұрғындардан ауылдағы су құбырлары туралы шағымдар партияның қоғамдық қабылдауларына келіп түскен. Осыған орай бұл жөндеу жұмыстарының аяғына дейін жетіп, халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі фракция мүшелерінің тікелей бақылауында болуы керек, деді депутаттар.

Image title

Image title



    Сондай-ақ мәжілісмендер қоғамдық қабылдауда азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Оның ішінде жалақылары төмен техникалық жұмысшылардың айлығын көтеру мәселесі. Барлық сұрақтар жауапсыз қалмай толықтай талқыланды және заң аясында түсініктеме берілді.

Image title


    Сонымен қатар Н.Дементьева мен А.Мысырәлімова Ақкөл аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерімен «Жол картасының» орындалу барысын талқылады. Бірнеше сұрақтардың шешілу жолдарын қарастырып ортаға салды. Ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін орындалған шаралары туралы аудан депутаттары есеп берді.

Image title


    Халық қалаулыларының Ақкөл ауданындағы жұмыс сапары №4 орта мектептің спорт залы мен асхана құрылысының барысымен танысумен жалғасты.

Image title


Мердігерлер атқарылып жатқан, жаңа оқу жылына дейін бітірілуі жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат берді. Салынып жатқан нысанның құрылыс сапасы мен уақтылы аяқталуы партияның қадағалануында.