Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аудандағы күн тәртібінде

2023 жылғы 11 шілде

    Бурабай ауданында «Жол картасы» аясында Н.Дементьева Щучинск қаласындағы 400 орындық аудандық мәдениет үйінің ғимаратында болып қайтты. Қазір мұнда жұмыс жүргізіліп жатыр. Ғимаратты 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Image title


    Одан кейін мердігерлер депутатты Щучинск қаласындағы биыл аяқталуы тиіс «Жол картасы» аясындағы 45-ші көпқабатты тұрғын үйдің нысанымен (партиялық бақылау бекеті) және «Горный», «Ремзавод» шағын аудандарына жылу желілерін тарту жұмыстарымен таныстырды. Жылу желілеріндегі жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

Image title


    Н.Дементьева өңірге сапары аясында «АМАНАТ» партиясы аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Депутат Щучинск қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп, қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндап берді.

Image title


Қатаркөл ауылындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездескен     Н.Дементьева жиналғандардың назарын балалардың қауіпсіздігіне, бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн- жарнамаға, әлеуметтік мәселелерге қатысты заңнаманың жаңа аспектілеріне аударды.