Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Зерендідегі кездесулер

2023 жылғы 12 шілде

    2023 жылғы 12 шілдеде Мәжіліс депутаты Н. Дементьева жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болды.

    Зеренді ауданына жұмыс кестесіне сәйкес Н.Дементьева Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжде болды. Зеренді ауылындағы 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып қайтты. «Көкшетау» МҰТП «Визит орталығы» базасында орман шаруашылығы мекемелерімен кездесу өткізді. Айдабол ауылы ішіндегі жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Одан кейін Н.Дементьева Айдабол ауылының тұрғындарымен ауылдық клубта кездесіп, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Image title

    Шағағалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжде болған кезде колледж жатақханасының бүгінде жұмыс істемей тұрған үшінші корпусын жөндеу мәселесі көтерілді. Image titleОрман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен кездесуде жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру қажеттігі туралы айтылды.Image title

    Айдабол ауылында халықпен кездесуде Айдабол ауылындағы көше-жол желісін жөндеуді аяқтау; дәріхана бекетін ашу; бөгетті жөндеу; шаңғы роллерлік жолдың құрылысын іске асыру; Айдабол ауылының электр желілерінің тозуы мәселесін шешу қажеттігі туралы сұрақтар көтерілді.

    Азаматтардың жеке қабылдауында депутат 4 адам қабылдады. Барлық сұрақтарды Н.Дементьева өз бақылауына алды.