Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бір мақсатпен


               2023 жылғы 22 қыркүйек                                                                                                                 Астана қ.

    Депутат Н.Дементьева ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері үшін ұйымдастырылған семинарға қатысты.

    Астанадағы Достық үйінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері үшін ұйымдастырылған этносаяси мәселелер бойынша семинар өтті.

    Семинарды ашқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, мемлекетіміздің біртұтас халқын біріктіретін ортақ құндылықтар мен мүдделерді қалыптастыру жөніндегі міндеттерді атап өтті.

Image title

    Жиынға қатысқандар сөз сөйлегеннен кейін этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық ахуал үшін тәуекелдерді анықтау және оның алдын алу, мигранттарды интеграциялау, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» орын алуына жол бермеу, этностық немесе тілдік қағидат бойынша кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмау, зерттеу жобаларын қаржыландыру және т.б. мәселелер көтерілді.

    Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, іс-шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Image title


     Депутат Н.Дементьеваның пікірінше, осындай семинарлар этносаралық қатынастарға уақтылы ден қойып, терең түсінуге және оларды шешуге көзқарас-тәсілдерді пысықтауға мүмкіндік береді