Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Бір ел» ағартушылық жобасы

2023 жылғы 30-31 қазан                                                       Түркістан қаласы

    Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасының форумына қатысты.

    Сарапшылар жастарға еліміздің рухани және азаматтық құндылықтары, бай тарихи және мәдени мұрасы мәселелері талқыланған бұл форум ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында өтті.

    Пленарлық отырыста іс-шара меймандары бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтаудың, мемлекеттегі достық пен ұлттық бірлікті нығайтудың маңыздылығы туралы атап өтті. Сондай-ақ, спикерлер мемлекеттік тілді этносаралық қатынастар тілі ретінде дамыту, этносаралық коммуникация мен өзара іс-қимылдың қажеттілігі туралы мәселелер қозғады.

Image title

    Форумда сөз алған депутат Н.Дементьева жастардың өз тарихын, дәстүрін білу қаншалықты маңызды екенін атап өтті. «Қазіргі кезеңдегі ақпарат ағынында жас адамдардың бойында идеологияны қалыптастыру, патриоттық, бірлік сезімін нығайту өте маңызды. Бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі», - деді ол.

    Жобаның екінші бөлігінде жастар арасында мемлекеттің мәдениеті, дәстүрі мен тарихы бойынша білімдерін анықтайтын «Айқас» интеллектуалды ойыны өткізіліп, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығына, Гаухар ана және Арыстан баб мавзолейлеріне баруы ұйымдастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан халқының бірлігін бейнелейтін «Шаңырақ» киіз үйін тікті.

Image title


    Жиынды ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, волонтерлер және жастар қатысты.