Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірдегі кездесулер

2024 жылғы 3 қаңтар


Парламент Мәжілісінің депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерге шықты. Н.Дементьева іссапарын Ақмола облысының Қорғалжын ауданынан бастады.

Сол ауданның Сабынды ауылына келіп, бірнеше объектілерді аралап шықты. Соның бірі – ауылдық мәдениет орталығы. Сабынды ауылдық клубының ғимараты 1973 жылы қаланған. Жер учаскесінің алаңы 0,2000га құрайды. Қазіргі таңда ауылдық клуб ғимаратының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 8100 мың теңге бөлініп, эскиздік және жұмыс жобалары әзірленді. Ауылдық клуб аумағында жазғы спорт және сахна алаңдарын ашу жоспарланған.

Image title



Депутаттың пікірінше, ауылда жергілікті халықты мазалайтын проблемалар баршылық, бұлар: көшелердің жарықтандырылуы, иттердің көшеде бос жүруі, жол мәселесі, тағы басқалар. Мысалы, Бұлқышев көшесінен 2021 жылы 1,604 м жолдың ағымдағы жөндеуі жүргізіліп, (дресва, щебень) төселді. 2022 жылы асфальт төсеу үшін жобалық смета жасалып, облыстық басқармасына 2023 жылға арналған бюджеттік өтінім берілді. Бірақ қазіргі таңда жол жүру ауыл тұрғындары үшін ыңғайсыз болуда. Биыл жол учаскесі толық жөндеуден өтеді ме, әлі белгісіз. Бұл мәселені депутат бақылауына алды. Бұлқышев көшесінің тағы бір маңызды мәселесі – жарықтандыру. 2021 жылы жобалық смета жасалып, 2023 жылы жер құжаттары әзірленді. Оған 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі. Бұлқышев және Шымырұлы арасындағы жолды айтар болсақ, республикалық маңызы бар «Нұрлы жол» бағдарламасымен орталық Батыс дәлізін қайта құру жобасына жатқандықтан, жобалық смета жасалмаған.

Image title

Image title


Сол күні Н.Дементьева азаматтарды қабылдап, мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.Image title