Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауылдықтардың мәселелері

2024 жылғы 4 қаңтар

Бүгін Н.Дементьева Ақмола облысының Астрахан ауданына сапар шекті.

Депутат Новочеркасское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, жиында несиелендіру, жайылымдардың жетіспеушілігі және т.б. мәселелер көтерілді.

Image title


Н.Дементьева «АMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын бірнеше объектілерді аралап шықты. Соның бірі – Новочеркасское ауылындағы спорт орынжайы бар мәдениет үйі.Image title

Кейін депутат жұмыс істемейтін балабақша ғимаратының мәселесін ауыл тұрғындарымен талқылады. Бұл ғимарат 1971 жылы салынған, соңғы 10 жылдан бері қажеттіліктің болмағандығынан балабақша жұмыс істемейтін. Енді бір-екі жылдан кейін осы балалар мекемесінде қажеттілік қайта туындайтыны белгілі болды. Ғимарат толық жөндеуді талап етеді. Сондай-ақ ФАП құрылысының мәселесі көтерілді. Қазіргі кезде ауылдық амбулатория жалға алынатын тұрғын үйдің ғимаратында орналасқан екен. Н.Дементьева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Image titleТұрғындарды әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу мәселелері толғандырды. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.