Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Күн тәртібінде

2024 жылғы 09 қаңтар

Бурабай ауданына барған депутат Н.Дементьева бірқатар нысандардың құрылысымен танысты.

Мәжіліс депутаты Н.Дементьева аудан әкімі А.Садықовпен, аудан әкімінің орынбасары Б.Жапаевпен, «AMANAT» партиясы Бурабай аудандық филиалының төрайымы А.Сейтказинамен, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты А.Табулдинмен бірлесіп Жол картасы шеңберіндегі объектілерге барды.

Image title

Image title


Н.Дементьева атап өткендей, өткен жылдың шілде айында ол жаңа салынып жатқан нысандарда болып қайтқан. Міне, жарты жылдан кейін олардың динамикасы көрінуде. «Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында көп функционалды спорт сарайының құрылысы» объектісінің тапсырыс берушісі – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ. Мердігер – «Авторемстрой ЛДТ» ЖШС. Объект бойынша ағымдағы жағдай: + 9,2 м белгісіндегі монолитті тақта құйылды, бассейн мен бағанаға су құю жүргізілуде, материалдар әкелінуде. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған (толық қаржыландыру жағдайында)

Сондай-ақ, көшпелі топ «Қанай би көшесі, Геологическая көшесінің қиылысы (3 позиция), Щучинск қаласы мекен-жайындағы бес қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйлердің 3 құрылысы» нысанын аралады. Мердігер - «Қазбайлық Астана» ЖШС.Image title

Депутаттың пікірінше, жалпы алғанда, әлеуметтік нысандарды іске асыру мерзімге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, оған Атамекен тұрғындары айтқан проблемалар да бар. Бұл – кентішілік көшелерді жарықтандыру, пайлар мен жайылымдар, қар жинау және т.б. мәселелер. Image titleЖергілікті сипаттағы мәселелер жедел шешілуде, қосымша қаржыландыруды талап ететін елдік сипаттағы проблемалар «AMANAT» партиясының бақылауына алынды.