Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауыл тұрғындарымен жүздесу

2024 жылғы 10 қаңтар

   Депутат Н. Дементьева Біржан сал ауданында кездесулер өткізді.

 Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысандарға барды. Атап айтқанда, «Үлгі ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» нысанының құрылыс алаңында болып, ауыл тұрғындарымен осы су құбырының одан әрі жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Одан кейін Н.Дементьева Үлгі ауылдық округінің Үлгі ауылындағы клубының жағдайымен танысты. Тұрғындардың пікірінше, клуб күрделі жөндеуді қажет етеді.Image title

    Клуб орынжайында депутат ауыл тұрғындарымен кездесті. Халық қалаулысы жиналғандарды Мәжілістің заң шығару жұмысы, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған қабылданған заң жобалары туралы хабардар етті. Image titleКездесуде тұрғындар жолдарды жөндеу қажеттілігі, малды шығаруға жайылымдардың жетіспеушілігі, зейнетақы төлемдері және т.б. туралы мәселелерді көтерді. Кездесудің және азаматтарды қабылдаудың барлық мәселелері бойынша депутат түсіндірме жасады, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.Image titleImage title