Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірде

2024 жылғы 11 қаңтар


Депутат Н.Дементьеваның халықпен келесі кездесулері Көкшетау қаласында өтті.

    «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында депутаттар Н.Дементьева, А.Мысырәлімова, Ю.Кучинская жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарындағы депутаттық фракция мүшелерімен бюджет және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының мәселелерін талқылау бойынша кездесті. Жиында әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мәселелері бойынша пікір алмасты, ұсыныстар айтылды.Image titleImage title

    Одан кейін Н.Дементьева Ақмола облысы бойынша «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығында болды. 2017 жылы құрылған жеке мекеме басқарушылық, әлеуметтік-мәдени және өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін құрылды. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалар, өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмаған балалар, балалары заңмен, оның ішінде ата-аналарының соттылығына байланысты қақтығыста жүрген ата-аналар қолдау алады; қылмыстың құрбандары немесе куәгерлері болған кәмелетке толмаған адамдар, адам саудасының құрбандары, көпбалалы отбасылар.

    Орталықтың мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында 115 әйел мен 619 кәмелетке толмаған балаға көмек көрсетілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік көмектен басқа азық-түлік себеті түрінде материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы Орталық балалары бар 27 әйелге және 204 кәмелетке толмаған балаға көмектесті. Ұйымда заңгер, медицина қызметкері, төрт психолог, екі медиатор және әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маман жұмыс істейді. Қызметкерлер профилактикалық іс-шараларға тұрақты түрде ауылдарға және аудан орталықтарына барады.

    Облыста осыған ұқсас мекемелер жоқ.Image title

    Н.Дементьева атап өткендей, тек отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанымен ғана емес, сондай-ақ оқиғаның триггері болып табылатын қақтығысушымен де жұмыс істеу керек. Бірақ әрдайым емес. Басқа жағынан да арандатулар болады. Сондықтан мәселе кешенді түрде шешілуі тиіс. Сондай-ақ, депутат дағдарыс орталықтарын қаржыландыру мәселелерін заңнамаға түзетулер енгізу арқылы шешу қажеттігін қосты.

    Сондай-ақ, бұл күні депутат Н.Дементьева жұмыс сапары аясында облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Партияның Ақмола облыстық филиалында депутат азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.