Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Біріктіретін ниет

2024 жылғы 11 қаңтар

    Мәжіліс депутаты Н.Дементьева Ақмола облысының Қазақстан халқы Асссамблеясы мүшелерімен кездесті.

    Кездесуде депутат этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтылған мәселелердің өзектілігі туралы айтылды.

Image title


    Прогрессивті ұлт ретінде біз тек алға ғана қарап, бізді ажыратпай, біріктіретін нәрсені ойлауымыз керек, деп атап өтілді. «Жалпыұлттық құндылықтар: бірлік, ынтымақ, еңбексүйгіштік, білімге табыну, кәсібилік, өзара қолдау, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық, үнемділік басты назарға алынуы тиіс. Халқымыздың қуатын арт­ты­рып, табысқа жетелейтін осындай қа­сиеттер мен құндылықтарды жан-жақ­ты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру ар­қылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз» деген сөздер кеңінен қолдау тапты.

    Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының саны 109 адамды қамтиды, оның құрамында этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, қандастар, қоғамдық пікір көшбасшылары бар.

    Облыста 49 этномәдени бірлестік тіркелген. Ақмола облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 20 адам кіреді. Ақмола облысы этностарының өкілдері облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне белсенді қатысуда.

    Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ, Степногорск қаласындағы Достық және шығармашылық үйі, Зеренді және Целиноград аудандарындағы достық орталықтары жұмыс істейді.