Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бірлік үшін ерлік

2024 жылғы 1 наурыз                                                     Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған телекөпірге қатысты

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты өмірдің әртүрлі салалары мен кәсіптерінде еңбек етіп, азаматтық және қызметтік ерлік жасап, күн сайын этносаралық келісімді нығайтуға және елдің дамуына үлесін қосып жүрген, сондай-ақ түрлі оқиғалар мен жағдайлар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан қазақстандықтарға алғыс айту болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Қадыров, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА мүшелері, жастары және өңірлерден өкілдер (онлайн байланыс арқылы) қатысты. Барлығы 1000-нан астам адам қамтылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлағандай, дәстүр бойынша іс-шарада «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясының, «Шаңырақ» этносаралық қатынастар саласындағы азаматтар арасындағы үздік бейнероликтерге шығармашылық байқауының басталуы жарияланды. 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық керуені» акция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның қоғамдық құрылымдарының мүшелері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, соның ішінде қарттар үйлері мен балалар үйлерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, көп балалы және мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратады.

Мәселен, Форумда ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы, меценат А.Исмаилов екі көп балалы отбасына Астана қаласында жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

 Акция жыл соңына дейін жалғасады.

Сол күні ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың, «Бір ел – бір мүдде» ҚХА депутатық тобы мүшелерінің және дөңгелек үстел қатысушыларының қатысуымен «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бірлік ансамблі» мультиэтникалық ән-би ұжымының концерті ұйымдастырылып, онда Қазақстан этностарының музыкалық мұрасы мен өнері ұсынылды.