Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті

2023 жылғы 25 сәуір           


Депутат Н. Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына орай халықаралық БАҚ-қа арналған брифингке қатысты.

Депутат Н. Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының іс-шараларын жариялап-көрсету үшін Астана қаласына келген   халықаралық БАҚ-қа арналып Мәжілісте өткен брифингке қатысты.

Image title


Астанаға келген халықаралық БАҚ үшін Мәжілісте өткен брифингке Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының іс-шараларын жариялауға қатысты.

Брифингке қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Мәжілісті қалыптастырудың жаңа моделі туралы, заң шығару жұмысының тиімділігін арттыру үшін қабылданатын шаралар туралы, қоғамдық пікірдің, азаматтық қоғамның, Қазақстан халқы Ассамблеясының осы үдерістегі рөлі туралы айтып берді.

Кездесуде журналистерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Image title


Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауды қылмыстың жекелеген құрамына бөліп-шығару жоспарланып отыр ма деген сұраққа депутат Н. Дементьева бұл мәселе қаралуда,-деді. Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды. Мысалы, қамауға алу мерзімі ұзартылды, татуласу мүмкіндігі тек бір рет қана қолданылатын болып реттелді.

Бұдан кейін депутат «Жібек жолы» арнасында Ассамблеяның рөлі туралы «Назар аудару» бағдарламасының және «Қазақстан» телеарнасында «Ұйқым келмейді» атты бағдарламасының тікелей эфирлеріне қатысты.