Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Елдердің көршілес татушылығы

2024 жылғы 31 қаңтар                                                               Астана қаласы


Депутат Н.Дементьева БАҚ-қа сұхбатында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау маңыздылығын атап өтті.

Image title


 «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Н.Дементьева Хаттаманы ратификациялау бір Тарап мемлекеті азаматтарының Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін тіркеусіз екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беруге бағытталғанын айтты.

Өзара сапарлардың шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол бауырлас екі ел арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Н.Дементьеваның пікірінше, Өзбекстан біздің елге келетіндер саны бойынша бірінші орында тұр. Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстанға шамамен 5 млн азамат келді. Бұл екі елдің көршілес татушылық қарым-қатынасын білдіреді.