Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Денсаулық сақтау мәселелері

2023 жылғы 7 сәуір                                                                                 Астана қ.



    Мәжіліс депутаты Н.Дементьева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасының тұсаукесеріне қатысты.

Image title


    Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді және медицина қызметкерінің мәртебесін арттыруға, емделушілердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған. Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният өз баяндамасында ведомство медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың әртүрлі үлгілеріне талдау жүргізгенін хабарлады. Заң жобасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендеткені үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру жөніндегі нормаларды ұсынды. Атап айтқанда, денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін төмендету, науқастың денсаулығына ауыр зиян немесе қайтыс болған кезде «бас бостандығынан айыруды» қайта қараумен «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылады

    Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге 304 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтуды ұсынды, оның ішінде 2,7 млрд теңге – ТМККК есебінен және 1,8 млрд теңге – МӘМС есебінен қамтылмақ. Бұл бастаманы республикалық бюджет комиссиясы қолдады. Бұған қоса, заң жобасы сақтандыру мәселелерін ғана емес, сонымен қатар кәсіби біліктілікті арттыру, қосымша жалақы төлеу, дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін де қамтиды.

Image title


    Депутат Н. Дементьеваның «Бұл заң медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға және қорғауға ықпал ете ме?» - деген сұрағына Министр А. Ғиният: «Әрине, «Педагог мәртебесі туралы» Заң сияқты, бұл заң жобасы медицина қызметкерлерін қорғауға, олардың мәртебесін көтеруге бағытталған» - деп жауап берді. Заң жобасын одан әрі талқылау жұмыс тобында жалғасады, оған депутат Г.Нұрымова жетекшілік етеді.