Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көкейкесті мәселе

2023 жылғы 12 сәуір                                                                   Астана қаласы


    Мәжіліс депутаты Н. Дементьева кәсіби біліктілік мәселелері бойынша заң жобаларының таныстырылымына қатысты.

Image title


    Мәжілісте «Кәсіптік біліктілік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.

    Бұл заң жобалары бойынша жұмыс Мәжілістің VII шақырылымында басталып, 2022 жылдың желтоқсанында бірінші оқылымнан өткені атап өтілді. Қазіргі VIIІ шақырылымда жоба бойынша жұмыс тобына депутат  Ж. Сүлейменова жетекшілік етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О.Ордабаев заң жобаларының негізгі ережелері жөнінде баяндап берді.

    Таныстырылым барысында бейінді министрлік өкілдері депутаттар мен басқа да қатысушылардың нақты сұрақтарына жауап берді.

    Депутат Н. Дементьева мамандықтарды сертификаттау жоғары білім туралы дипломның дәрежесін төмендетпей ме, өйткені ол да маманның біліктілігін растау болып табылады, деп сұрады. Әзірлеушілер сертификаттау үшін міндетті және қажет кәсіптердің спектрі бар екенін түсіндірді. Мысалы, жоғары білімді қажет етейтін мамандар (фрилансерлер, блогерлер, даяшылар және т.б.) үшін сертификат жеткілікті болады.

Image title


    Осы заң аясында Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленіп, бекітіледі және кәсіби біліктілік жүргізілетін мамандықтар тізбесі қалыптастырылады. Бұл тізілімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асыратын болады. Тізілімге қатысты ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен салалық кеңестер енгізеді.

    Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезеңде технологиялық прогресті жеделдету және экономиканы цифрландыру Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасына жаңа талаптар қойып отыр. Бұрын біліктілікті он жылға жуық арттырусыз білім өзекті болса, бүгінде көптеген мамандық бойынша өзектілік екі жылға ғана сақталады. Заң жобаларының қабылдануы азаматтардың біліктілігін арттыруға, дағдылары мен құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

    Заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады, оның құрамына Мәжіліс депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдары және бизнес салаларының сарапшылары кіреді.