Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды

2023 жылғы 20 сәуір           

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н. Дементьева цифрлық ортада зияткерлік құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы заң жобасы бойынша сұрақ қойды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың қарауына «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылды.

Келісім ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде Интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына қарсы іс-қимыл тетіктерін құру жөніндегі шараларды әзірлеп іске асыру үшін әзірленгені атап өтілді. Келісімге 2021 жылғы 12 қарашада ТМД Үкімет басшыларының отырысында ТМД-ның сегіз мемлекеті қол қойды.

Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттер органдарының цифрлық ортада зияткерлік құқықтарды сақтау және қорғау саласында туындайтын проблемаларды шешудің жалпы тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Мысалы, 2020 жылы Қазақстан Республикасында лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді және басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурстар анықталды. 2021 жылы – осындай 40 интернет-ресурс анықталды.

Қазіргі уақытта мемлекетішілік рәсімдерді Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы өткізді.