Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті

2023 жылғы 18 мамыр


Депутат Н.Дементьева кодекстерді оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымына қатысты

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өтті.

Image title

Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Д.Еспаева қатысты. Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрайымы С.Имашева жүргізді. Отырысқа Мәжіліс депутаттарымен қатар Жоғары Сот, Бас Прокуратура, министрліктер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар т.б. қатысты.

Отрыста Заң жобасы қылмыстық процеске барлық қатысушылардың мүдделерін сақтауды көздейтіні туралы айтылды. Жобада: 1) азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту; 2) қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігін күшейту; 3) қылмыстық процесті оңтайландыру және «дебюрократизациялау» туралы мәселелер теңгерімді түрде қарастырылған.

Image title

ҚР Әділет вице-министрі А. Мұқанованың баяндамасынан кейін депутаттар сұрақ қойды. Мысалы, Н. Дементьева  «қорғауға құқығы бар куәгерді сараптамаға бастамашылық жасау құқығы бар адамдар шеңберіне интеграциялау» дегенді нақтылап айтып беруді сұрады.

Image title


         Бұл бойынша вице-министр мынадай жауап берді: қорғауға құқығы бар куәгер іс жүзінде кейіннен күдікті ретінде танылады, оған сот сараптамасын жүргізу бөлігінде бірдей құқықтар берілуі керек. Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында заң жобасында қорғауға құқығы бар куәгерді сараптама жүргізуге құқығы бар адамдар тобына қосу ұсынылады.