Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті мәселелер

2023 жылғы 8 маусым                                                                            Астана қаласы


    Депутат Н.Дементьева Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты

    «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың проблемалық мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырды.

Image title


    Жұмыс тобының жетекшісі Д.Колода атап өткендей, соңғы жылдары есірткі таралуының артуына байланысты бүгінгі таңда бұл саладағы заңнамалық базаны жетілдірудің өзекті қажеттілігі туындап отыр.

    – Есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын алу мәселелері Конституцияда кепілдік берілген адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен тікелей байланысты. Халықтың денсаулығын, ел экономикасын қалпына келтіру, заң үстемдігі нашақорлыққа қарсы тиімді күресті одан әрі дамытуға тәуелді. Сондықтан мемлекетіміз үшін нашақорлықпен күресті дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігі даусыз, – деді Комитет төрайымы С.Имашева.

    Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қ. Имажанов жаңа заңнама бойынша жұмыс істеген 3 жыл ішінде бұл заттарды тәркілеу саны 50 еседен астам өскенін (2019 жылы – 10 кг, 2022 жылы – 583 кг) айтты. Биылдың өзінде 40-қа жуық жасырын есірткі зертханасы жойылып, 80 тонна прекурсорлар тәркіленіп, сол арқылы 8 тонна дайын заттар айналымы тоқтатылған. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы сот сараптамасының проблемалық мәселелерін Әділет вице-министрі Д.Вайсов баяндап өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі В.Дудник Қазақстандағы есірткіні емдеудің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.

    Атап айтқанда, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 109 мың қазақстандық психоактивті заттарды тұтынуға байланысты «психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауда болса, оның ішінде 91 мыңы алкогольге, 18 мыңы есірткі және психотроптық заттарға тәуелді екені хабарланды. Жасанды есірткіге тәуелділікпен 694 адам тіркелген.

    Мәселелерді одан әрі талқылау барысында есірткі қылмысымен күресу және нашақорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар қабылданды. Комитет оларды ескеріп, ұсынымдар Үкіметке жолданады. Сонымен қатар Мәжіліс жұмыс тобының аясында түзетулермен жұмыс жалғастырылады.

    Отырысқа Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық, БАҚ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.