Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Екі ел үшін қолайлы жағдай

2023 жылғы 16 қазан                                                                                         Астана қаласы

    Бүгін Мәжілісте «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы қаралып, талқыланды.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қаулысымен жұмыс тобы құрылып, бекітілді. Оның құрамында Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттерінің мүше депутаттары бар.

Image title


    Жұмыс тобының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Н.Дементьева бұл заң жобасының қабылдануы азаматтардың екі ел аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасайтынын, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсетінін атап өтті.

    Заң жобасының мақсаттары туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің сыртқы көші-қон басқармасының бастығыА.Алдоңғаровбаяндама жасады. Ол депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Шартты ратификациялау Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының Тараптардың аумақтарында болуының оңайлатылған тәртібін белгілеуге мүмкіндік беретіні айтылды.     

    Парламент Мәжілісінің барлық тұрақты комитеттері берген қорытындыларын ескере отырып, заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында талқылау үшін жіберу ұсынылды.