Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті мәселелер талқыланды

2023 жылғы 23 қазан

Депутат Н.Дементьева Әділет министрлігінде өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты

ҚР Әділет министрлігінде министр А.Есқараевтың төрағалығымен «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ажыратудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, заң ғылымдарының докторлары мен профессорлары, заңгерлер және құқық қорғау блогы мен адвокаттар алқасының басшылығы қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, дөңгелек үстелге қатысушылар осы мәселе бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, «қылмыстық құқық бұзушылық» институтын сақтау немесе жою, жаңа Қылмыстық құқық бұзушылық туралы кодексті құру арқылы бұл институтты жетілдіру, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен әкімшілік құқық бұзушылықтың көптеген элементтерін әкімшілік әділет деңгейіне дейін жеткізу ұсынылды.  Бұл отырыс Әділет министрлігі қарастырып отырған мәселе бойынша жоспарлаған іс-шаралар топтамасының біріншісі болып табылады.

«Жиынға қатысып отырған сарапшылардың пікірлері әртүрлі болды. Сарапшылардың бір бөлігі қылмыстық теріс қылықты анықтау қиын болады деп есептеді, себебі нақты критерийлер мен анықтау алгоритмі жоқ. Бірқатар сарапшылар, керісінше, «қылмыстық теріс қылық» терминін енгізу қажеттігін мәлімдеді, өйткені оның қылмысқа қатысы болмаса да, бірақ жауапкершілікке әкеп соғады»,-деп атап өтті депутат Н.Дементьева