Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды

2023 жылғы 21 қараша                                                                          Астана қ.

Депутаттар С.Имашева және Н. Дементьева Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты 

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы Бас Прокурор Б.Асыловтың төрағалығымен өтті.

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені қабылданып жатқаны атап өтілді.

Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкеп соқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың «отбасылық дебошир» әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап полиция мұндай адамдарды өз бастамашылығымен анықтау құқығына ие болды. Ал алдыңғы тоқсанда жәбірленушілердің өтініштері бойынша тек 7 мың әкімшілік құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі үшін зардап шеккендермен тиімді әлеуметтік жұмыс және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті қаржыландыру тікелей жасалуы тиіс.

Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен, азаматтардың ел заңдарына және бір-біріне деген құрметіне тәрбиелеумен қатар жүруге тиіс. Құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне қарсы тұруды жастарға ерте жастан үйрету керек.

Талқылау қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алуды күшейту бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Мәселен, қолайсыз отбасыларды анықтау тетігін жетілдіру жөнінде отбасын қолдау орталықтарын пайдаланудың тиімділігін зерделеп, шаралар қабылдау мақсаттары тұр. Ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен қатар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы күрес тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізуді пысықтау жоспарланған. Түзетулер қатарында мас күйінде денсаулыққа кез келген зиян, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.